«Алматы – біздің ортақ үйіміз» » №191 «бөбекжай-балабақшасы
Коммунальное государственное казенное предприятие
«Ясли-сад №191»
Управления образования города Алматы
Заведующий :
+7 (727) 232-23-49
Методист:
+7(701)480-37-80
Версия для
слабовидящих
» » «Алматы – біздің ортақ үйіміз»
09
апрель
2024

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»


 4 негізгі кезеңге бөлінген:
  • «Біздің қала – біздің көшелер» (8-14 апрель) – қалалық инфрақұрылымды: жолды, жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өткелдерін, аялдама кешендерін, бағдаршамдарды, жарық беру құралдарын, белгілерді, туристік тотемдерді, қоғамдық дәретханаларды тазалау және ретке келтіру апталығы. Дезинфекция және дезинсекция жүргізе отырып, люктер ауыстырылады, қоқыс жәшіктері жөнделеді.
  • «Біздің қала – біздің аула, біздің үй» (15-21 апрель): көшет отырғызу апталығы. Аулалар мен ойын алаңдары жөнделіп, ретке келтіріледі. Аулалар мен есік алдындағы шағын бақты көгалдандырғысы келетіндерге көшет, жеке үйлердің қоршауын сырлағысы келетіндерге бояу беріледі. Осы кезеңде түрлі шығармашылық әрі экологиялық іс-шаралар басталады – «Жас жұбайлар» креативті эко-хабы мен аллея ашу, «Эко-марафон» плоггингі, дәмханалар мен мейрамханаларда тамақ қалдықтарын жинау жобасы; «Таза ойындар» акциясы, «Мерзімі өткен дәрі-дәрмекті өткізіңіз – табиғатты сақтаңыз»; «Лучший аула», “Лучший шағын бақ», «Коммуналдық қызметтің үздік қызметкері» байқаулары, «Жасыл планета – біздің ортақ үйіміз» мектеп суреттері байқауы және т.б. 20 апрель күні жалпықалалық сенбілік жоспарланған.
  • «Біздің қала – біздің тау, өзен мен көлдер» (22-28 апрель): жағалаулар мен су айдындарын, саябақтарды, скверлер мен тау бөктерін тазалау апталығы.
  • «Біздің қала – біздің мақтаныш» (29 апрель – 8 май): ескерткіштер мен мәдениет нысандарды тазалау апталығы. Соңғы аптада қаладағы субұрқақтар іске қосылып, науқанға белсенді түрде қатысқан тұрғындар сыйлықтармен марапатталады.
Науқан қорытындысы бойынша 1765 аялдама павильоны, 480 бағдаршам нысаны, 56 жер асты және 78 жер үсті өткелі, 1500 қоқыс алаңы, 24747 қоқыс жәшігі, 15454 орындық, 161 ескерткіш жуылып, жөндеуден өтеді. Қаланың коммуналдық қызметі 153 саябақ пен скверді, 1349 км арық желісін, 4468 км көше мен тротуарды, 235 люкті тазалайды. Науқан аясында 3420 жарық нүктесі, 650 белгі жаңартылып, 20 мыңнан астам ағаш пен бұта отырғызылады. 1 майда қалада 65 субұрқақ іске қосылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Anthonybem
5 Август 2024 17:17
как пишется слово небольшой вместе или раздельно https://www.frutilupik.ru сколько слогов в слове мальчики fokusblog.ru https://www.snotolkovatelnyi.ru кто победил в 100 летней войне webgraal.ru http://frutilupik.ru укажите три признака малой группы как системы lukiblog.ru https://sensorfaq.ru как записывать электронную формулу химического элемента